Гүл дүкеніндегі дау: Сатушыны соққыға жыққан ер адам экс-полицей болып шықты

Теги: , ,
267

Шымкенттегі гүл сататын дүкендегі жанжалға қатысты тағы бір ақпарат шықты. Полиция  желіде тараған екінші видеоға қатысты түсінік берді.

Ресми дерекке сүйенсек, гүл сатушыға күш көрсеткен ер адам бұрынғы полиция қызметкері болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкенттегі гүл сататын дүкендегі екі оқиға бойынша видео тарады. Ондағы мәліметке сүйенсек, екеуінде де жанжал шығарған «прокурордың баласы» көрінеді. Бірақ бұл мәліметті полиция да, прокуратура да жоққа шығарды.

Екінші видеода екі азаматтың дүкенге келгенін, оның бірі сатушыны соққыға жығып, гүл шоғын алып кеткенін көруге болады. Оқиға 8 мамыр күні болған.

«Екінші бейнежазбада 1989 жылы туған Б. есімді азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер. 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан. Бұл жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау) сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ІІМ мәліметінде.

Айта кетейік, флористті соққыға жыққан экс-полицей (қара футболка киген: авт) Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері. Биыл 19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған.

Гүл дүкеніндегі даулы оқиғаның бірінші видеосы туралы бұған дейін жаздық. Ол сот қаулысымен 7 күнге әкімшілік қамауға алынды. Көп ұзамай ер азамат бұл әрекеті үшін қазақ елінен кешірім сұрады.

Алдыңғы пост
Елімізде Абай атындағы 1441 көше мен 99 мектеп бар
Келесі пост
«Қызғаныш себеп болған». Алматылық әйелді танысы өлтіріп кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu