Ауыл шетінен мәйіті табылған оқушы қыздың өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды

339

Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданында суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тың деректер жинады. Бұған дейін жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен 11 сынып оқушысы ұсталған болатын. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт.

ІІМ Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын  оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

Бұған дейін Ордабасы ауданында ауыл шетінен кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті каналдан табылғаны белгілі болған еді.

Алдыңғы пост
«Менің гүлді аулам» байқауы өтуде
Келесі пост
Аурухана есепшісі мемлекеттің 109 млн теңгесін букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu