Астанада мас күйдегі пәтер ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған

14

Астанада ішімдік ішіп алған пәтер ұрысы оңбай ұсталды. Оңай олжаны қолды еткен ол лифтідегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Сарыарқа ауданының полицейлеріне елорда тұрғыны пәтерінен жеке заттарының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын анықтады. Оның Дүкенұлы көшесіндегі көппәтерлі үйдің маңайында жиі болатыны және жан-жағын қарастырып жүргені анықталды.

Күндізгі уақытта жеткілікті мөлшерде ішімдік ішкен ер адам кіреберіске кіріп, құлыпталмаған есіктерді іздеп, тұтқаларын тарта бастаған. Пәтерлердің бірінде иелері жоқ екеніне көз жеткізген ол құлыпты бұзу арқылы екі ер адамның күртешесін, қысқы кроссовкаларын және пәтер кілттерін ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алдыңғы пост
Кентау тұрғынынан мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәрі табылды
Келесі пост
Қарағандылық ер кісі аулада тұрған көлікті өртеп жіберді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu