«Менің гүлді аулам» байқауы өтуде

183

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Менің гүлді аулам» конкурсын өткізу жоспарлаған болатын.  Осыған байланысты, іс-шара 2022 жылдың қазаны мен 2023 жылдың сәуір айлары аралығында өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты – Шымкент қаласының оң имиджін қалыптастыру. Тұрғындарды тазалыққа тарту, қаланың туристік тартымдылығын жақсарту, қала аулаларының жағдайын жақсарту.

Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Абай  аудандарындағы көпқабатты тұрғын үй басқарушыларымен жеке кездесулер өткізілді. Іс-шараның талаптары мен шарттары туралы толық ақпарат берілді.  Байқаудың шартына сәйкес ең бастысы шарт, қаланың символына айналған қызғалдақ гүлінің егілуі және ауланың тазалығы мен жасыл желекке айналдыру болып табылады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер “visit-shymkent.kz” сайтына өтінім жіберу арқылы және қолма-қол қабылданды.

Іс-шараға тұрғындарды көптеп тарту мақсатында басқарма тарапынан арнайы жарнамалық ролик түсіріліп, өңірлік («Отырар», «Оңтүстік», «Айғақ») телеарналарында, танымал әлеуметтік желілерде («Shymkent Sxodim», «Shymkent online»  «Akimat Shymkent», «Open Shymkent») пост салынды және қаламыздың лед-экрандарда орналастырылды. («Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента») газеттерінде арнайы мақалалар жарық көрді.

Сонымен қатар, жарнамалық флаерлар әзірленіп, қаламыздың көпқабатты үйлері мен аулалары арасында және ірі гипермаркеттерінде және  сауда орталықтарында 2000-нан астам данасы таратылды.

Нәтижесінде, өтінімдер, сәуір айына дейін тұрғындардан  91 өтінім қабылданды.

Яғни,  сәуір айының 3-5 күндері іс-шараның жеті адамнан құралған  бағалаушы қазылар алқасы, әр қатысушы аулаға барып тексеру жүргізді. Әрбір аула басқарушысы мен аула тұрғыны өздерніің жұмыстарымен бөлісіп, қолданған тыңайтқыштар жөніндегі ақпараттарымен бөлісті.   

Ал, 12 сәуір күні қазылар алқасының жеңімпазды анықтау мақсатында бағалау отырысы өтті. Мұнда, ережеге сәйкес, қазылар алқасы, Отырыс нәтижесінде 91 аула-қатысушыдан 31 аула-қатысушы жүлделі орын алды. өзгеріс енгізіп, жүлдегерлер санын арттырды. Нәтижесінде 9 аула-қатысушы – 1 миллион теңге; 6 аула-қатысушы – 500 мың теңге; 9 аула-қатысушы – 250 мың теңге; 8 аула-қатысушы – 150 мың теңге; 1 аула-қатысушыға – 100 мың теңгемен марапаттау шешім қабылданды.

Жеңімпаздарды марапаттау шарасы 2023 жылдың 21 сәуірі күні «Орталық саябақ» аумағында концерттік бағдарлама мен түрлі ойын сауық форматында өтеді.

Алдыңғы пост
АҚШ Бас консулдығының өкілдері шымкенттік оқушылармен бірге Жер күнін атап өтті
Келесі пост
Ауыл шетінен мәйіті табылған оқушы қыздың өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu