363
Өскеменде №15 орта мектебінде оқитын балалардың ата-аналарынан сыныптың жөндеу жұмыстарына деп ақша жинаған педагог жазаланды.
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне аталған мектеп оқушысының ата-анасынан 1424 Колл-орталығы арқылы анонимді шағым келіп түскен. Шағым сыныпты жөндеуге ақша жинау фактісіне қатысты болды. Бұл Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63-бабына қайшы болып табылады.
Антикор қызметкерлері мектеп басшылығымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның барысында ақша сыныптардың бірінің ата-анасының бастамасы бойынша жиналғандығы анықталды.
Нәтижесінде жиналған қаражат ата-аналарға толығымен қайтарылды. Ал кінәлі педагог сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.