Бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін төленуі мүмкін

Теги:
204

Елімізде 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мерзімі ұзарып, 1,5 жасқа дейін төленуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді.

«Біздің міндетіміз – бұл жүйенің тұрақтылығын, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету. Әлеуметтік міндеттемелер ұзақмерзімді сипатты болуы керек. Мүгедектігі бар немесе біреудің қарауындағы адамдар мұндай төлемдерді ай сайын алады. Қазіргі таңда біз әлеуметтік кодекс аясында бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Дегенмен дәл бұл жәрдемақыны тағайындау мерзімін ұзартуға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді қор директоры.

Бүгінде елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері шамамен 41 мың теңге.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында кенже ұлын балталап өлтірген әке 15 жылға сотталды
Келесі пост
Ауыл ішінде трактормен жүйткіген жүргізуші көлік басқару куәлігінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu