367
Жетісу облысында 8 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап тірі қалды. Оқиға Текелі қаласында күндізгі уақытта болған. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала көпқабатты үй терезесінен парашют түрінде полиэтилен пакетін пайдаланып секіргені белгілі болды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, ол Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына жатқызылды.
Төтеншеліктердің мәліметінше, бала жерге бірден түспеген, ағаш бұтақтарына ілініп қалған. Оның аман қалуына осы ағаш себеп болған.