Елімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады

166

Елімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады. Дегенмен күн ерте жылынатын өңірлерде азаматтар шомылып қана қоймай, қауіпсіздік шараларын елемейтін оқиғалар бар. Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен отырыста орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылғы шомылу маусымын өткізуге дайындық  мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды.

Министр Юрий Ильин су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін кешенді алдын алу шараларын қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте дәстүрлі әдістерге тоқталып қана қоймай, азаматтардың назарын аударудың және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін жеткізудің жаңа жолдарын табу қажет. Елімізде 50 000-нан астам су айдыны бар, олардың негізгі бөлігі қорғалмаған, бұл шомылу үшін қауіпсіз емес.

Ведомство ресми сайтындағы мәліметке сенсек, былтыр елімізде әкімдіктер су объектілерінде адамдар жаппай демалатын, туризмге және спортқа рұқсат етілген 533 орын анықталған. Олардың 145-і коммуналдық және 316-сы жеке жағажай. Шомылу маусымы басталғанға дейін (1 маусымнан бастап) қосымша шомылуға рұқсат етілген тағы 133 орын жасау жоспарлануда, оның ішінде 30 коммуналдық және 103 жеке жағажай. Қолданыстағы 533 жағажайды ескере отырып, жүзуге арналған ресми орындардың саны 666-ны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық.

Ресми жағажайларда шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігіне және оларды оқытуға ерекше назар аударылатын болады.  Бұл үшін құтқарушылар балаларды жүзуге үйрету бойынша жұмыс жүргізетін шомылуға арналған қауіпсіз балалар жағажайларын жабдықтау жоспарланып отыр.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдарға балаларды стационарлық бассейндерде жүзуге тегін үйретуді ұйымдастыру, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға жеңілдіктер беру мүмкіндігіне қосымша назар аудару ұсынылды.

Юрий Ильин қауіпсіздік ережелерін сақтау тұрғысынан табиғи және жасанды су айдындарында бекітілген жаппай демалыс орындарын тексеруді қысқа мерзімде ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, министр демалушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуына жол бермеу, тек қорғалатын су айдындарында демалу қажеттілігі туралы ақпаратты жан-жақты жеткізу үшін шомылу маусымы кезінде рейдтер тапсырды.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполистің тұрғындары 5G ге өтүде
Келесі пост
8 жасар бала полиэтилен пакетті парашют етіп 5-қабаттан секіріп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu