Қазақстан халқының 70,6%-ын қазақтар құрайды

371

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын халық саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның 70,6%–ы қазақтар. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.

Статистикалық дерекке сүйенсек, ел аумағында өмір сүріп жатқан  орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн тұрады. Ал орыс ұлты өкілдерінің  жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың. Өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі – Алматы облысында (120 мың адам).

Елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар.  Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлттың өкілдері тұрып жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкенттің 24 тұрғынына Қазақстан халқы Ассамблеясының куәліктері табысталды
Келесі пост
Шымкенттік полицейлер жазғы кафенің жұмыс істеуіне тыйым салған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu