449
Қытайда тұратын қазақ жігіті Астанаға жаяу аттанды. Санжы облысы Манас ауданында туып-өскен жас жігіт бұл саяхатын төрт жыл армандаған екен.
Манас ауданынан жаяу шыққан Қытай азаматының есімі – Есбол Асқарұлы. Жасы 25-те. Ол 3 шақырымды жерді артта қалдырып, Қазақстан астанасына жаяу бару үшін көптеген жаттығу жасаған. 1 мамыр күні жолға шыққан қазақ жігітін жерлестері зор қошеметпен шығарып салды. Ол сәттің видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.
Өз сөзінде жиһангез Есбол Асқарұлы жол бойында саяхат пен тарихи орындарды, ескерткіштерді аралап, оның видеосын оқырмандарымен бөлісуге уәде етті.
Жас жігіттің батылдығына тәнті болған желі қолданушылары оған сәттілік тілеп, елордаға аман-есен жетіп алуын тіледі.