«Қазгидромет» РМК мамандары сейсенбі, 16 мамырға арналған ауа райын болжамын ұсынды. Шымкентте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Күндіз кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Түркістан қаласында да таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.
Синоптиктер 16 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұратынын ескертеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с дейін жел соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.