Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатталды

Теги: ,
432

Шымкентте Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. 

Мерекелік шара театр ғимараты алдында мәдениет мекемелерінің далалық көрме инсталациясының таныстырылымымен басталды.

Содан соң концертте ел мәдениетінің алтын қорына үлес қосып келе жатқан шымкенттік бір топ майталмандар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі және Алғыс хатымен марапатталды. Кеш соңында көрерменге «Оркестрлер шеруі» музыкалық композициясы тарту етілді.

Концертте «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы Қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, халықаралық байқаулардың лауреаты Жамбыл Мейірбеков, Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің дирижері Мәди Өмірзақ, «Шымкент Цирк» мекемесінің эстрадалық оркестрі көркемдік жетекшісі және дирижері Жандос Аппазов өнер көрсетті. Сонымен қатар шарада солистер Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Қазақстан Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, эстрадалық оркестр әншісі Диана Хашимхановалар да көрерменге өз өнерлерін паш етті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында мәдениет саласындағы 21 мекемеде 2000-ға жуық маман ұлттың рухани және мәдени интеллектуалдық деңгейін көтеруге, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтауда бар күш-жігерлерін жұмылдырып қызмет етіп келеді.

Еске салсақ, 2013 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп бекітілген болатын.

Күні бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов алдағы 7 жылға жоспарланған Қазақстанның мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы атап өтті. Бұл тұжырымдама еліміздің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыруға және театр, кино, музей, кітапхана, материалдық және материалдық емес мәдени мұра сынды мәдениеттің барлық бағыттарының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған.

Ұлттық мәдени брендті, атап айтқанда, музыканы дәріптеу «Ұлттық домбыра күні», «Көшпенділер әуені» халықаралық этно музыка фестивалі және республикалық ақындар айтысы секілді іс-шаралар кешенін өткізу арқылы жүзеге асырылады. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен талантты жастар беделді халықаралық фестивальдар мен конкурстарға жолдамамен жіберіледі. Үздік ұйымдарға, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлеріне жыл сайын Umai ұлттық сыйлығы табысталады.

Алдыңғы пост
Жоғалып кеткен туристің денесі Аюсай шатқалынан табылды
Келесі пост
Шымкентте 1100-ге жуық жол белгілері орнатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu