Сауда Арабияда өтіп жатқан халықаралық көрмеде Шымкент қаласы таныстырылды

Теги: , ,
483

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан халықаралық туризм көрмесіне шымкенттік туристік компаниялар қатысып жатыр. 22 мамырдан бастау алған үш күндік «Riyadh Travel Fair 2023» атты туристік жәрмеңкеге әлемнің барлық нүктесінен саяхатшылар жиналды.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алып алаңда Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен отандық туроператорлар Шымқаланың жаңа келбетін таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігі, Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы және тағы басқа да қазақстандық делегация Эр-Риядта өзге елден келген негізгі турагенттер және туроператорларымен b2b кездесулер өткізіп жатыр.

Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен туризм және авиация саласындағы түрлі ірі компаниялардың өкілдерімен бірге 24 мыңнан астам адам қатысты деп хабарлануда.

Айта кету керек, Сауд Арабиясынан Қазақстанға келушілер саны 2022 жылы күрт өсті. Егер бұрын Қазақстанға 900-дан астам саяхатшы келсе, өткен жылы олардың саны 6 мың адамға дейін жетті.

Бұл тікелей рейстердің, визасыз режимнің, сондай-ақ бұрын өткізілген b2b кездесулердің арқасында Сауд Арабиясы азаматтарының Қазақстанға сапарлауға қызығушылықтың артуы болып саналады. Сонымен қатар Қазақстан мен Сауд Арабиясы қаржы және инвестиция саласындағы екі жақты байланыстың ауқымы жыл сайын артып келеді.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент пен Қытайдың Сиань шаһары бауырлас қала атанғаны туралы белгілі болған еді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аспан асты еліне жасаған жұмыс сапары аясында Сиань қаласындағы Бас консулдықтың ашылу салтанатынан соң айтты.

«Бүгінде Сиань – «Бір белдеу – бір жол» экономикалық белдеуінің маңызды бекеті. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Солтүстік Қазақстан облысымен және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімге қол қойылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыра түсері сөзсіз. Бас консулдық  осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында жас қыз үйге ұрлыққа түскен
Келесі пост
Талдықорғанда 50 жастағы ер адам жол апатынан мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu