Төлебиде зейнеткер әжейді қорқытып, тонап кеткендер ұсталды

Теги: , ,
470

Түркістан облысы Төлеби ауданында белгісіз үш адам зейнеткер әжейді қорқытып, тонап кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, оның үйіне түнгі уақытта ұрылар терезесін бұзу арқылы баса-көктеп кірген. Содан зейнеткерді қорқытып, жатын бөлмесінен алтын бұйымдары мен екі ұялы телефонын, банк карточкаларын жымқырып кеткен.

Полицейлер аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар жұмыссыз, бұрын сотты болған жергілікті тұрғындар болып шықты.

Күдіктілер қолды еткен телефон мен алтындарды сатып, қаражатын бас пайдалары үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Былтыр Қазақстанда 133,5 мың адам қайтыс болған
Келесі пост
Абай ауданының тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu