Адам өлтіріп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

97

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды.

Ол, 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.

Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, сотталған. Ал екіншісі тергеуден қашып үлгерген. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды.

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда.

Егер оның  қылмысы дәлелденетін болса, мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Алдыңғы пост
Түрмеде онлайн казино жұмыс істеп келген
Келесі пост
Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu