Шымкенттегі кортеж. 17 жүргізуші жауапқа тартылды

Теги: , ,
398

Шымкентте полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында мегаполис көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі түсірілген видеоны анықтады.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері кортежге қатысушылардың барлығын, яғни  шетелдік 17 автокөлік иелерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, «Toyota Camry» автокөлігінің 3 жүргізушісіне, « Land Cruiser 200» автокөлігінің 5 тізгіндеушісіне, Lexus-тің екі және «Kia» көлігінің екі жүргізушісіне, сондай-ақ «Mersedes Benz» және «Jac» автокөліктерінің тізгіндеушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережелерін сақтамау» бойынша хаттама толтырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы “маневр жасау ережелерін бұзу” және әйнектерді күңгірттегені үшін 590-бабы “Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу” бойынша екі «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды. Сондай-ақ, «Mersedes Benz Е270» автокөлігінің тізгіндеушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы «Жолдарды және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алдыңғы пост
Тәттіқұмар екі жігіт гипермаркеттен 50 мың теңгенің Kinder Joy тәттілерін ұрлап кеткен
Келесі пост
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu