Шымкент әкімдігі суға шомылуға қауіпті орындарды атады

Теги: ,
449

Шымкент әкімдігі жазғы шомылу маусымының басталуына орай қала аумағында шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындарды атады.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, шаһарда Тоғыс және Бадам су қоймаларындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің бастауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда шомылуға рұқсат етілген. Ал 13 су айдынында ресми түрде шомылуға тыйым салынған. Олар: «Текесу», «Ақжар» су қоймалары, «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) – барлық арнасы;

Осы ретте айта кетсек, су айдынында төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
– Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз;
– Суға мас күйінде түспеңіз;
– Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
– Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
– Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
– Түнде суға шомылмаңыз;
– Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.

Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға түсу адам өміріне қауіпті.

Ережені бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – 7, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 60 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады.

Алдыңғы пост
Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалмас үшін не істеу керек?
Келесі пост
Сайрам ауданында заңсыз сойылған 6 тоннадан астам мал еті тәркіленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu