Шымкентте оқушылар сарайының құрылысы аяқталды

Теги: ,
427

Шымкентте «Нұрсәт» шағын ауданында салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылысы аяқталды. Балалар шығармашылығын дамытуға арналған орталықтың жалпы сыйымдылығы – 500 орындық. Яғни, бір уақытта 500 бала шығармашылықпен айналыса алады.

Әкімдіктің мәліметінше, мекеме тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істейтіндіктен жоба бойынша күніне 7-18 жас аралығындағы 2000 бала қабылдануға мүмкіндік бар.

Аталған мектеп оқушылардың қабілетін шыңдап, талант көзін ашып, ой-өрісін дамытатын болады. Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді.

Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. 900 мың шаршы метрді құрайтын, үш қабатты ғимараттың ішінде оқушылар үшін бассейн, күресу залы, жекпе-жек залы, үстел теннисі ойындарының залы, оқу залы мен акт залы орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма үйірмесі, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау залы бар. Ғылыми техникалық бөлігінде 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, ал гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелерін табуға болады. Музыкалық білім бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сонымен қатар футбол алаңы, баскетбол, волейбол, воркаут, балалар ойын алаңы оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға арналады. Сонымен қатар ғимарат маңында 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған.

Айта кетсек, «BI-Global» ЖШС-і салып жатқан нысан құрылысы 2021 жылдың аяғында басталды. Таяу арада Оқушылар сарайы мемлекеттік мекеме ретінде балалар игілігі үшін пайданалуға беріліп, жүзге жуық қызметкер жұмысқа тартылады деп күтілуде.

Еске салсақ, былтыр қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде 2022 жыл “Балалар жылы” болып жарияланғанын еске сала келе, Шымкентте жаңа Оқушылар сарайын салуды тапсырғанын және нысан құрылысы жүріп жатқанын айтқан болатын.

«Демографиялық өсімді ескере отырып, әкімдікке 2025 жылға дейін тағы бір Оқушылар сарайын салуды тапсырамын. Бес жыл ішінде Шымкентте 101 мектеп салынады деп жоспарлануда. Бұл маңызды іске бизнес өкілдері белсенді атсалысып жатыр»,-деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы пост
Қазақстанға келуші туристер саны артты
Келесі пост
Тәртіп сақшысы қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu