Шымкент пен Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады

Теги: , ,
260

Шымкент пен Қытайдың Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы  арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында қалалар арасында мәдениет, туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, жол-көлік салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды.

Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала  арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.

Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырды.

Еске салсақ, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында екі қаланың арасында ресми түрде бауырластық байланыс орнатқан болатын. Екі шаһардың бауырлас қалалар атанғаны туралы Қазақстан Президенті Сиань қаласындағы Бас консулдықтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып,  Қытайға жасаған мемлекеттік сапарын қорытындылаған сөзін айтты.

«Бүгінде Сиань – «Бір белдеу – бір жол» экономикалық белдеуінің маңызды бекеті. Шэньси өлкесі және Сиань қаласы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Солтүстік Қазақстан облысымен және Шымкент қаласымен бауырластық қатынас туралы келісімге қол қойылды. Бұл шаралар екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыра түсері сөзсіз. Бас консулдық осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алдыңғы пост
Шымкенттік дәрігерлер оқушы қыздың жүйке жүйелерін трансплантациялады
Келесі пост
Шымкент полицейлері пошта жөнелтілімдерін тексеріп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu