415
Түркістан облысында полицейлер 73 рет жол ережесін бұзған такси жүргізушісін анықтады.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Қорғау-қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен облыстық трассалардың бірінде жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған армян нөмірлі Honda автокөлігін анықтады. Тексеру барысында жеке тасымалдаумен айналысатын 40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды.
Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асқан. Жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды.