Шымкент әкімі: «Дендросаябақты ешкім сатпайды»

Теги: , ,
324

Шымкенттің өкпесі саналатын дендрологиялық саябақтың болашағы қалай болмақ? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жауап берді.

Алдымен шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап өтті. Оның айтуынша, жыл басынан бері қалада «Іскер қала» бағдарламасы аясында  153 жоба қолдау тапқан. Бұл жобаларға  412 млн теңгенің қолдауы көрсетілді.

Бағдарламада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 1 пайыздық мөлшермен 10 млн  теңгеге дейін несиелендіру, өндіріске бағытталған 2 пайыздық мөлшермен 50 млн теңгеге дейін несие беру қарастырылған. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен шағын кәсіпорындардың өнеркәсіптік парктердегі үш жылдық жалдау ақысының шығындарын 25-75% дейін өтеу тетігі де қамтылған.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты.

Кейінірек сұрақ-жауап сессиясы барысында журналистер жергілікті дендропарктің тағдыры туралы сұрап, орналасқан жерді сату туралы қауесеттерге қатысты түсінік беруін сұрады. Қала әкімі атап өткендей, дендропарк ерекше қорғалатын аумақта орналасқан, сондықтан ол аумақты ешкім сатпайды.

«Сонымен қатар, біз дендропарктің меншігіне бұрынғы жылдары айырылып қалған жер телімін қайтардық», – деді Мұрат Әйтенов.

Спикердің айтуынша, дендропарктің басты қиындығы – суару жүйесінің болмауы болды. Бұл қазіргі жағдайға әкелді. Биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, суару жүйесін салуға бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта тиісті зерттеулер, соның ішінде саябақтың топырағы зерттеліп жатыр. Дендросаябақ бұрынғы қоқыс полигонының орнында орналасқан Өйткені бұрын бұл жерде қоқыс полигоны болған.

«Дендропарк – Шымкент қаласының мақтанышы. Бір кездері мұнда 300-ге жуық ағаш түрі болған, қазір 100-ге жуық түрі қалды. Келесі жылдан бастап суару мәселесі жойылады, біз жасыл желекті қалпына келтіруге және алуан түрлілігін бұрынғы деңгейіне жеткізуге тырысамыз», – деді қала әкімі.

 

Алдыңғы пост
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 1400 –ге жуық азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды
Келесі пост
Такси жүргізушісі жол ережесін 73 рет бұзған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu