Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызын қабылдады

Теги:
347

Бүгінде еліміздің мәдени саясатын жетілдіру – басты стратегиялық мақсаттардың бірі болып отыр. Осы орайда, Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасын өзектендіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтқанда, мәдени саясатты дамыту тұжырымдамасының жобасында Ұлттық жоба мен Президенттің Сайлауалды бағдарламасындағы көрсеткіштер интеграцияланып, халықаралық тәжірибеге шолу жасалды және мәдени саясаттың басым бағыттары қамтылды.

«Сол үшін Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саласын дамыту ісінде төл мұраларымызды терең зерттеуді, оны қалың көпшілікке, әсіресе өскелең ұрпаққа дәріптеуді, бірегей рухани құндылықтарымыз арқылы әлем бедерінде өзіндік орнымызды алуды көздейді», — деді Асхат Оралов.

Дәл осындай мақсатты ту еткен Майра Мқхамедқызы кездесу барысында еліміздегі опера өнері мен мәдениетін дамыту жолындағы мәселелерімен бөлісті.

Президентке Шымкентте қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Майра Мұхамедқызы Президентке өңірдегі опера және театр өнерін дамыту жұмыстары, сондай-ақ жас әншілерді, театр және балет әртістерін оқыту ісі жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы жас таланттарды дайындау, театр репертуарын шетелдік және ұлттық қойылымдармен жаңарту маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майра Мұхамедқызының көп жылдан бері Қазақстанның мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, опера әншісіне шығармашылық табыс тіледі.

Жалпы рухани құндылықтар мен мәдениетті дамыту, құнды жәдігерлер, бағзыдан бүгінге байлық боп жеткен тарихи-мәдени мұралар – мемлекеттің асыл қазынасы. Оларды көздің қарашығындай сақтау, зерттеу, қайта қалпына келтіру маңызды мәселе. Бұл бағытта елімізде елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Десе де, әлі талай тер төгу қажет ақ.

Айта кету керек, бұған дейін Президент, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесін қозғаған болатын.

«Шын мәнінде, қазақтың мәдениеті сан түрлі саланы қамтиды. Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек», – деген болатын Қасым Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Министрлік отандық авторлардың театрдағы қойылымдарының санын арттыруды және қазақстандық фильмдер түсіруді жоспарлап отыр. Биыл алғаш рет жас жазушылар мен ақындарға арналған әдеби сыйлық табысталады. Жеті республикалық мәдениет ұйымына «ұлттық» мәртебе беру мәселесі пысықталып жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру аяқталды
Келесі пост
Биыл Базарқақпа елдімекеніндегі 11 көшеге асфальт төселеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu