Түркістандық оқытушы қымыздан балмұздақ жасап шығарды

Теги: , ,
427

Түркістан қаласындағы колледж оқытушысы ерекше балмұздақ ойлап тапты. №11  Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша шәкірттерге білім беріп жүрген Байдалы Жадыра қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды.

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және  оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды.

«Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы»,-дейді Жадыра Байдалы.

Колледж  оқытушысының айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар. Ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Бұдан өзге ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Алдыңғы пост
Мәслихат депутаты екі баланы қағып кетті
Келесі пост
«Қызыңыз жол апатын жасады». Шымкентте қос зейнеткер 7 млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu