Инвесторлар ең үлкен қоқыс өңдеу зауытын салады

Теги: ,
441

Үшінші мегаполисте қоқысты өңдеу мәселесі басты орында. Шымкентте ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаратын болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінде бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан. Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отыр.

Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Биыл ақпан айында қалалық полигон қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осы уақытқа дейін жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп, қазір полигон жағдайы едәуір жақсарды.

Әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, осыған қатысты Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түскен. Қытай компаниялары қалдықтарды өртейтін зауыттың құрылысын салуды көздесе, неміс инвесторлары полигон салуға қажетті заманауи материалдар ұсынуда. Ал әлемге әйгілі испандық AUDITORES ENERGETICOS AFN (AEN) компаниясының өкілдері коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізуге қызығушылық танытып отыр. Аталған компания өкілдерінің айтуынша, AEN технологиясы экологияда бірқатар артықшылықтарға ие. Ол «нөлдік қалдықсыз цикл» деп аталатын процесс және экология мен халықтың қауіпсіздігі бөлігінде қабылданған Еуропалық директиваларға сәйкес келеді. Бұл технология электр энергиясын өндіре отырып, қала аумағынан жиналатын қалдықтарды 95 пайызға, сондай-ақ қоқыс полигонындағы қалдықтарды (шамамен 2 млн тонна) қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның құны шамамен 200 миллион еуроны құрайды.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметі бойынша бүгінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы 1,5 млн тонна дұрыс көмілмеген және 250 мың тонна бей-берекет шашылған қоқыстарды көму жұмыстары толық аяқталды.

Айта кетейік, Шымкент инвестиция тарту бойынша республикада алдыңғы орында. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды. Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 миллион АҚШ долларына жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 13 есеге артқан.

Алдыңғы пост
Елімізде букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды
Келесі пост
Тұран шағынауданындағы оқушылар сарайының құрылысы келесі жылы аяқталады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu