Сарыағашта танысына құрғақ уәде беріп, қомақты ақшасын алған жергілікті тұрғын ұсталды.
Жәбірленуші әйел адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстанға көшіп келген кезде өзінің танысы «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 300 мың теңгесін санап алған. Алайда уәдесінде тұрмаған. Күте-күте шаршаған әйел полицияға арызданды.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті ер адам шет елден қоныс аударған жәбірленушіге төлқұжатын заңдастырып беремін деп алдап соғып, ақшасын өз бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.