«Азаматтық алып беремін»: Сарыағаш тұрғыны танысын алдап соққан

Теги: , ,
320

Сарыағашта танысына құрғақ уәде беріп, қомақты ақшасын алған жергілікті тұрғын ұсталды.

Жәбірленуші әйел адамның айтуынша,  Өзбекстан елінен Қазақстанға көшіп келген кезде өзінің танысы «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 300 мың теңгесін санап алған. Алайда уәдесінде тұрмаған. Күте-күте шаршаған әйел полицияға арызданды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктінің жеке басы  анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам шет елден қоныс аударған жәбірленушіге төлқұжатын заңдастырып беремін деп алдап соғып, ақшасын өз бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Алдағы уақытта Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей ұшуға болады
Келесі пост
Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды не үшін соққыға жыққанын түсіндірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu