Алдағы уақытта Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей ұшуға болады

Теги: , ,
239

Биыл «Түркістан-Абу-Даби» әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Мәжілісте Түркістан халықаралық әуежайы өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов әуежайдың қазіргі жай-күйі, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстамбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар.

Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу, Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында «Түркістан-Абу-Даби» бағытын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Айта кетсек, өткен жылы Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны 373,8 мың жолаушыны құрады. Оның ішінде 81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-орында тұр.

Алдыңғы пост
Шымкент тұрғыны үйінің жанына қойып кеткен көлігін таппай қалды
Келесі пост
«Азаматтық алып беремін»: Сарыағаш тұрғыны танысын алдап соққан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu