Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды не үшін соққыға жыққанын түсіндірді

Теги: , ,
486

Кәсіпқой боксшы ретінде танылған Бейбіт Шүменов Астанада ойын-сауық орталығындағы фут-кортта қолында баласы бар ер адамды соққыға жаққан. Спортшы не үшін мұндай қадамға барғанын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Оның жазуынша, ойын-сауық орталығындағы балалар алаңшасында ойнап жүрген 8 жасар ұлына соққыға жығылған ер кісінің ұлы маза бермей ұрған екен. Спортшының ұлы болған жайды әкесіне айтқан. Арқасы жырылып, қызарып кеткенін байқаған Бейбіт Шүменов мән-жайды анықтамақ болып ұлына маза бермеген баланың әкесіне барған. Ал ол «Иә, ұрды. Несі бар екен? Сен маған не істей аласың?» деп агрессиялы түрде жауап қайтарыпты. Осы кезде ашуға булыққан спортшы оны соққыға жыққан. Соққысы балаға тимеген.

Бейбіт Шүменовтің жазуынша, қолында баласы бар ер адам оған пышақпен шабуылдаған көрінеді. Кейін оқиға болған жерге полиция қызметкерлері келіп, оларды полиция бөлімшесіне алып кеткен. Ұлын ұрды деген баланың анасы спортшыдан, әйелінен кешірім сұраған екен. Белгілі болғандай, ол бала аутизммен ауыратын көрінеді.

Бейбіт Шүменовтің мәліметінше, соққыға жығылған баласы бар ер адам зардап шекпеген. Ол сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша дәлелденіпті. Яғни, денсаулығына орташа да,  жеңіл де зиян келмеген.

«Қазіргі таңда конфликт шешілді… Мен үшін бірінші кезекте адам боп қалу маңызды. Өмірде қателіктерге жол бермеу және бейбітшілік пен келісімде тыныш өмір сүру үшін өзімді рухани тұрғыдан тәрбиелеймін»,-деп жазды спортшы.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде кәсіпқой боксшының қолында кішкентай баласы бар ер адамды соққыға жыққан сәтінің видеосы тараған болатын. Осы жағдайдан кейін тілшілер сауалына жауап берген ІІМ орынбасары Қайрат Сүнтаев балалы ер адамды соққыға жыққан спортшы Бейбіт Шүменов екенін растады.

«Иә, растаймыз. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз. Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды»,-деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін.

(Фото ашық дереккөзден)

Алдыңғы пост
«Азаматтық алып беремін»: Сарыағаш тұрғыны танысын алдап соққан
Келесі пост
«Жел, аптап ыстық». Синоптиктер шымкенттіктерге ескерту жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu