Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін

Теги:
513

13 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданында айуандықпен өлтірілген 5 жасар қыздың оқиғасынан кейін аудандық сот төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми сайтында жазылды.

“Жоғарғы сот тарапынан кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты үстіміздегі жылдың мамыр айында заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды” делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен аптада Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында орын алған оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің жазуынша, 1975 жылы дүниеге келген ер кісі 5 жасар қызды зорлап, айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл оқиғадан кейін ауыл тұрғындары күдіктіні өз қолдарына беріп, жазалауды талап етті. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ер адам бұған дейін адам өлтіріп, сотты болған. Сонымен қатар ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін пробациялық бақылауда жүрген.

Алдыңғы пост
Түркістан тұрғыны өз үйінде 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ беріп келген
Келесі пост
Абай ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu