Абай ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Теги: ,
235

Бүгінде Игілік шағын ауданындағы ұзындығы 650 метр құрайтын топырақ 5 көшеге шағал тас төселді. Аталған жұмыстар барысы әкімдік тарапынан тұрақты қадағалауда. Аудан бойынша 1-ші кезеңде 16 шақырым көшеге шағал тас төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар аудандағы Нұршуақ, Қайнарбұлақ, Самал-3, Достық, Бозарық, Алтынтөбе елді мекендерінде де жалғасын табатын болады.

Сонымет қатар, биыл Абай ауданындағы Қайнарбұлақ /1-2 кезең/, Бозарық /74 га/ Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады. Айта кетейік, жыл ортасында асар-2 шағын ауданында мыңнан аса отбасы көгілдір газға қол жеткізген болатын. Қазір халық саны 11 мыңнан астам.

Ал, жалпы алғанда қалалық инфрақұрылымды жүйелі дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша биыл Абай ауданында 60 көше пайдалануға беріледі. Жалпы аудан аумағында 1274 көше бар. Оның ішінде 573 шақырымды құрайтын 688 көшеге асфальт, 540 көшеге шағал тастары төселген. Жоспарға сәйкес 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 млн.тг бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, олар Ынтымақ шағын ауданындағы Имантау көшесі, Есенов көшесі, Шардара көшесі, Бәйдібек би даңғылында орналасқан Прайм парк тұрғын үй кешенінен А-2 тас жолына дейінгі аралық, сондай-ақ Самал-3 шағын ауданындағы Юсупов және Алпамыс батыр көшесі.

Айта кетейік, инфрақұрылымнан бөлек, аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады. Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды. Жоспарға сәйкес 2024 жылы қамту көрсеткіші ауданда 100 пайызға жетеді. Мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 6-уы 2023-2024 жылдары Нұршуақтың Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан, Бозарық шағын ауданындарында салынады. 2024-2025 жылдары 4 мектеп Асар-2, Шымкент Сити, Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады.
Бқдан бөлек, биыл жоспарға енгізілген көшелер жарықтандырылып, белгіленген аумақтарға 250 бейнебақылау қондырғысы орнатылады.
«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде тұрғындардың талап-тілектері ескеріліп, 15 әмбебап балалар алаңшасы, 3 спорт алаңша салынады.

Алдыңғы пост
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін
Келесі пост
Шымкент: тұрғын алаптарына оптикалық желі тартылуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu