361
Шымкентте 7 жасар бала 3 қабатты үйдің 2-қабатындағы терезесінен абайсызда құлап кеткен. Ата-ана қарауынсыз қалып қойған бүлдіршін оқиға орнында қайтыс болды.
Оқыс жағдай кеше, 24 шілдеде Әл-Фараби ауданындағы Есіл көшесі бойында орналасқан көппәтерлі үйде күндізгі уақытта орын алған. Анасының айтуынша, сол сәтте ол жуынатын бөлмеде болған екен.
Төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сүйенсек, Шымкентте жыл басынан 4 бала терезеден құлап кеткен.