440
30 тамыз – Конституция күні. Биыл 30 тамыз сәрсенбі күніне тура келіп тұрғандықтан бұл мерекеде қазақстандықтар бір күн ғана демалады.
Жалпы айтқанда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тамызда 9 күн демалатын болса, алты күн еңбек ететіндер 5 күн ғана демалады.
Айта кетерлігі, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер еліміздің еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері боп есептеледі. Сондай-ақ бұл заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.