390
Шымкентте «Ордабасы» мен польшалық «Легия» командаларының жанкүйерлері арасында жанжал болды. Оқиға матч басталмас бұрын Қажымұқан стадионы алдында орын алған.
Жанкүйерлердің бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, зардап шеккендер жоқ.
«Ойын басталар алдында сағат 20.30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегіс болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді» делінген мәліметте.
Айта кетейік, 27 шілдеде шымкенттік «Ордабасы» ойыншылары өз алаңында Польшаның «Легия» командасын қабылдады. UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы ойын қорытындысы бойынша екі команда 2:2 есебімен тең түсті.