Сотта Бишімбаевтың айлық табысы жария етілді

121

Жәбірленушінің адвокаты Бишімбаевтан Нүкеновамен бірге тұрған кезде қанша жалақы алғатынын сұрады.

“Ресми тіркелген жерімнен – айына 1 миллион теңге алдым. Ал мейрамхананың кірісіне байланысты табысым 8-ден 15 миллион теңгеге дейін болды”, – деп жауап берді Бишімбаев.

Одан бөлек экс министр, “БАУ” мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін жеткізді. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі екен.

Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма деген сұраққа сотталушы: “Иә, барлық жерде осылай жазып жатыр” деп жауап берді.

Айта кетейік, осыған дейінгі сот процесінде Бишімбаев әйелі Салтанатты осы мейрамханада әбден соққыға жыққаны белгілі болған еді. Тіпті, шашынан сүйреп, тепкінің астына алғаны бейнекамераға түсіп қалған.

Алдыңғы пост
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді
Келесі пост
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге өтемақы төленбек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu