«Тіл туралы» заң талаптары сақталу үшін қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде

285

Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті, тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.

Шымкент қаласындағы көрнекі ақпарат және жарнама мәтіндерін ретке келтіру мақсатында  «Сәтті жарнама» атты қалалық акция өткізіліп келеді. Мақсаты – Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң талаптары түсіндіру.

Жоспар бойынша Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған 32 тұрғын алаптағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заң талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары іске асуда.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының  «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен   патрульдік топ құрылған.

Топ тарапынан  қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 117 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы  парақшалар таратылып,  ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Бекітілген кестеге сәйкес Бозарық, Қатын көпір, Қызылжар, Тұрлан,  Ынтымақ, Ынтымақ-2, Ескі қала, Көркем, Қарасу, Химфарм шағын аудандарда,  Қайнарбұлақ, Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабад, Бадам-1 тұрғын алаптарында, Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптары көрсетілген арнайы брошюралар таратылып, түсіндіру  жұмыстарды жүргізілді.

Нәтижесінде 312 кәсіпкерлік  нысанды аралап, 160 нысан иелеріне ескерту берілді. Түсіндіру жұмыстарына қалалық Ассамблеяның өкілдері тартылып, өткізілген акциялар «Instagram» (shymkent_ madeniet), «Facebook» (Мәдениет басқармасы) әлеуметтік желілері арқылы  жариялануда.

Сауда және қызмет көрсету объектілер, сауда ойын-сауық орталықтары, көпшілік тамақтанатын орындар қызметті қажеттілігіне қарай мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде де жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және жалғасын табады.

Алдыңғы пост
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды
Келесі пост
Шымкентте 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu