«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

285

Бүгін Шымкент қаласында «Бақытты отбасы»  бағдарламасы бойынша жалпы саны 116 пәтерге өтінімдер қабылдау  басталды.

Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 22.06.2023 жылдан бастап 18.07.2023 жыл аралығында жүргізіледі.

Аталған конкурсқа 2022 жылы “Бақытты отбасы” бағдарламасының конкурсына қатысып, негізгі тізіміне кірмеген, осы бағдарлама бойынша өте алмаған, яғни өткен жылдың  резервтік тізімінде қалған қатысушылар өтінім бере алады. Дәл осы азаматтарға төлем қабілеттілігін растау қажеттілігі туралы  ұялы телефондарына SMS хабарлама жіберілген. Яғни қатысушыға смс хабарлама келген жағдайда және төлем қабілеттілігін растап қойса, “Бақытты отбасы” бағдарламасының  дәл осы конкурсына  қатыса алады.

Яғни, бағдарламаға қатысушылар – санаттары мен кезекке қойылған жылына қарамастан қатысуға өтінім бере алады. Әрі қарай, жүйе автоматты түрде кезекке тіркелу өңірлері, кезекке тұрған күні мен санаттары бойынша қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін қалыптастырады.Тұрғын үйге кезекке тіркелген күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы фактор болады.

Конкурстық пәтерлер  Шымкент қаласы, “Нұрсәт” шағын ауданында орналасқан 9 қабатты №13,14,15,16 тұрғын үйлерде орналасқан. Ондағы 1 бөлмелі пәтер саны – 54 пәтер, 2 бөлмелі пәтер саны 16 және 3 бөлмелі пәтер саны 46.

Өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады. Несиені рәсімдеу – өтініш берушінің жинақ шотында үй құнының кемінде 10% болған кезде мүмкін болады. Аталған бағдарлама қатысушылары үшін әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаттары қарастырылған.

Айта кетейік, өтініш берушілер Отбасы банкінің клиенті болуы және қолында аутенфикация кодын алу үшін ұялы телефоны болуы тиіс.

Баспаналы болу үшін қосымша құжат пен анықтама қажет емес. Жүйе үміткердің мәліметтерін өзі тексеріп, кейін өтінімді қабылдайды. Бағдарламаға келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:

көп балалы отбасылар;

ерекше қажеттілігі бар балаларды асырап отырған отбасылар;

толық емес отбасы (ажырасқанына кемінде 3 жыл болуы тиіс).

Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері автоматты түрде қалыптастырылады. Тізімдерге бөлу кезінде қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты ескеріледі. Конкурс нәтижелері otbasybank.kz порталына орнастырылады.

Алдыңғы пост
Тұранда жаңа спорт, ойын алаңшалары пайда болды
Келесі пост
«Тіл туралы» заң талаптары сақталу үшін қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu