Шымкент – елімізде халық саны тығыз орналасқан қалалардың бірі

433

Сонымен қоса, ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр. Сондықтан, баспана мәселесіне келгенде, ақсап тұрғанымыз рас. Осыған орай, шымкент қаласының әкімдігі барынша тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Қалада қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексерді.

Сонымен қатар, Бозарық шағынауданында 49 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік желілер тартылуда.  Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Ал, Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады.

Бұдан бөлек, Ұлттық жоба аясында апаттық тұрғын үйлерді бұзу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Осы тұста Шымкентте техникалық тексеру нәтижелері бойынша тозығы жеткен 107 тұрғын үй анықталған. Аталған тұрғын үйлерді реновация бағдарламасына енгізу қарастырылуда. Қазіргі таңда реновациялық бағдарламаны инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жайы қолға алынуда. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және инвестициялар арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Елімізде қолға алынып жатқан кез-келген жоба тұрғындар игілігі үшін жасалады. Ұлттық жоба ұлттың сапалы өмір сүруінің кепілі. Жоба тілімен айтсақ, 2025 жылы халқымыз толықтай сапалы ауыз сумен қамтылып, сапалы жолдармен жүріп, баспаналы да болар күн алыс емес.

Десе де, тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан қала басшысы кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту үшін салынатын әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Мұрат Әйтенов қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі екенін айтып, осы бағыттағы жұмыстардың тиісті деңгейде жүзеге асырылуы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Алдыңғы пост
Биыл Самал-3 шағынауданында 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Келесі пост
«Анасын ұрып өлтірген». Павлодар тұрғынын полиция іздеп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu