Шымкентте туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ сотталды

Теги: , ,
205

Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 миллион теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты.

Полицияға ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінген. Олар жалған тендрмен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Жәбірленушілердің сөзінше, өз таныстары «тендрмен айналысатын бастығына» көмек қажеттігін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесін беруге және банк алдындағы қарызды толық өтеуге уәде еткен.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, көбінесе олар несиені тауарлай рәсімдетіп, алынған қымбат техниканы қайта сатып отырған. Ал шыққан соманың 10-12% пайызын несие алушыларға сыйақы ретінде берген. Алайда ай сайынғы төлем уақыты келгенде, қаскүнемдер қоңырауға жауап бермей ізін суытқан. Салдарынан несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға белшесінен батқан.

11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Аталған жайтты тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Белгілі болғандай, алаяқтар тобы 23- 43 жас аралығындағы, 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар.

Олардың әрқайсысының өз міндеттері болған. Кейбірі несие алатын адамдарды табумен, тағы екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 340 миллион теңгеге жуық. Арызданушылар әртүрлі банктерден 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған.

Тәртіп сақшылары жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.

Алдыңғы пост
Шымкентте тұрғын үй отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті
Келесі пост
Қазақстан мектептерінде қанша педагог жұмыс істейтіні белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu