441
Ұлытау облысында 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Оқиға кеше, 30 шілде сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында болған.
2000 жылы дүниеге келген тұрғын тыйым салынған жерде суға түскен. Жас жігіттің суға батып кеткені туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы -сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3, 5 -4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі бір келкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.