Шымкентте білім басқармасының лауазымды қызметкерлеріне үкім шықты

Теги: , , ,
356

Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды. Оларға жүйелі түрде жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылды. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулова мен М. Мейірбековаға қатысты үкім шығарды. Сотталушыларға 36 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза берілді.

Антикор мәліметінше, олар жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерде тексеріс жүргізбегені үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұдан өзге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент қызметкерлері білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады. Мәселен, екі қалалық мектептің бухгалтері 2020-2023 жылдар кезеңінде өзінің жеке шотына мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорына бөлінген 67 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған.

Жымқырудың ұқсас схемасы №2 мектепте қолданылды, онда 6 жылдан астам уақыт бойы директор, бас менеджер және бас бухгалтер бірлесіп жұмыс істеген. Сонымен қатар, мектеп директорлары мен олардың қарамағындағылардың командалық қозғалысы айтарлықтай жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық білім беру саласындағы бұзушылықтардың алғышарттарын жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық көріністерін жою бойынша жұмысты жалғастыруда.

Алдыңғы пост
Мақтааралда үйінен шығып кеткен 38 жастағы әйел қайтып оралмаған
Келесі пост
Алматыдағы өрт. Қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованың отбасына көмек көрсетіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu