361
Түркістан облысы Кентау қаласында мазараттағы көктастарды белгісіз біреу бояп кетіп, жұртты шошытты. Көк түске боялған көктастардың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Аталған бейнежазбаға қатысты полиция пікір білдірді. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.
Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық тұрғын екені анықталды.
Белгілі болғандай, оқушы баланың үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан ол мазараттан көк түсті бояу тауып алып, жерленгендерге орнатылған көктасты, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.
Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.