356
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасады. Оқиға 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.
Полиция мәліметінше, Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кеткен.
Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.