Шымкентте бір мезетте ломбард, киім дүкені мен студия өртенді

Теги: ,
252

Оқиға тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні болған.

«101» диспетчерлік пультіне  3 тамыз сағат 02.06-да Әл-Фараби ауданы Түркістан көшесі бойында өрт орын алғандығы туралы хабаралама келіп түскен.
Аталған мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарласа соғылған балалар киім дүкенінің аумағы 2 шаршы метр, «АстроЛомбард» жауапкершілігі шектеулі серіптестігінің аумағы 4 шаршы метр, «ARTECO» бояу студиясының аумағы 6 шаршы метр сыртқы қаптамалары өртенген. Сонымен қатар 2, 3, 4 қабаттардағы балкондардың аумағы 9 шаршы метрді құрайтын сыртқы қаптамалары мен бір пәтердің ас бөлмесінің пластик терезесі жанды. Өрттің жалпы аумағы  21 шаршы метрді құрады.
Өрт сағат 02:27-де оқшауланып, сағат 02:46-да толығымен сөндірілді. ТЖД мәліметінше, оны сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.  Кауіпсіз жерге 9 адам шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Алдыңғы пост
Кәмелет жасына толмаған жүргізуші 3 жасар баланы мерт қылды
Келесі пост
Үйін тартып алған: Шымкентте 2 баласы бар әйел алаяқтың кесірінен далада қалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu