Базарқақпа тұрғын алабындағы көшелерге асфальт жол салынуда

284

Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу мақсатында, қалаға қосылған тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты бүгінде Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының бірқатар көшелері асфальтталуда.

Атап айтқанда, Кеңгір, Қараөткел, Балқан №2,3,4 көшелеріне мердігер мекемелер тарапынан жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Сазқұндыз көшесіне  жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Алай көшесі арнайы техникалармен тегістеліп, шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін Базарқақпа тұрғын алабында 6.6 шақырымды құрайтын 11 көше асфальттанады.

Шымкентте үш жылда  792 шақырым жол жөнделді. Қала аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең. Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті. 2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда  немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды. 2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді. Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі.  Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде. Асфальттеу жұмыстары  Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде,  Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде,  Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды.  Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады.

Алдыңғы пост
Қайнарбұлақ елді мекенінің тұрғындары биыл таза ауызсуға қол жеткізеді
Келесі пост
Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu