Қайнарбұлақ елді мекенінің тұрғындары биыл таза ауызсуға қол жеткізеді

196

Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды тексерді. Қазіргі уақытта аталған елдімекенде ауыз су кесте бойынша беріледі.

Мұндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан бүгінгі күнге дейін 310 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 80%-ы орындалған.  Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Қала әкімі тиісті мамандарға мердігер мекемелерге жұмысты сапалы, әрі жылдам орындауды тапсырды.

Жалпы қала аумағында шағынаудандарды сапалы жарықпен қамту бойынша қосалқы стансаның және 4 нысанның құрылыс жұмыстары қолға алынған. Жыл соңына дейін электр қуатымен қамту көрсеткішін 98%-дан 99 %-ға жеткізіледі. Сонымен бірге Қайнарбұлақ елдімекенін табиғи газбен қамту жұмыстарын «Отау Строй» ЖШС-і мойнына алған, қазір мердігерлік мекеме тарапынан құрылыс кестеге сай жүргізілуде. Елдімекенге табиғи газ құбырын тарту жұмыстарының жобасы ауқымды болуына орай газдандыруды 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

Қаладағы нақты ауыз су қуаттылығының қажеттілігі тәулігіне 323 мың куб болса, қолданыстағы қуаттылығы 273 мың куб құраған. Мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 91 мың кубты құрайтын Көмешбұлақ магистралды суаққысы салынып, ауыз сумен қамту қуаттылығы 2030 жылға дейін шешілді.

Электр қуаттылығына деген нақты қажеттілік тәулігіне 455 мВт болса, қолданыстағы қуаттылық 330 мВт құраған. Қажеттілікті шешу мақсатында, 220 мВт құрайтын Бозарық қосалқы станциясы салынып, электр қуаттылығы мәселесі 2025 жылға дейін шешілді.

Табиғи газ қуаттылығына нақты қажеттілік тәулігіне 270 мың метр куб болса, қолданыстағы қуаттылық 180 мың метр кубты құраған. Осы бағытта 250 мың метр кубты құрайтын жаңа АГРС құрылысын іске асыру арқылы, 2030 жылға дейінгі табиғи газ қуаттылығы мәселесі шешілді.

Бүгінде қала бойынша қолданыстағы 150 мың метр кубты құрайтын кәріз тазарту станциясы толық қуаттылықта жұмыс жасауда. Мәселені шешу мақсатында, кәріз тазарту станциясы қуаттылығын 200 мың кубқа кеңейту жұмыстарын жыл соңына аяқтау жоспарлануда.

Алдыңғы пост
Сәуле елдімекенінде 1 мыңнан астам абонент көгілдір газбен қамтылады
Келесі пост
Базарқақпа тұрғын алабындағы көшелерге асфальт жол салынуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu