Елімізде Абай атындағы 1441 көше мен 99 мектеп бар

Теги: , , ,
453

Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 99 мектеп, 4 колледж және 1 театр бар.

Былтыр Президент Жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді. Одан бөлек Қазақстанда 1 қала, 3 аудан және 28 елді мекенге ұлы ақынның есімі берілген.

«Қазақстанда Абай Құнанбайұлына 30-дан астам ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ әлемнің 18 мемлекетінде ұлы тұлғаға арналған монументалды өнер кешені бар. Атап айтқанда, Ташкент, Мәскеу, Бішкек қалаларында Абайдың ескерткіші болса, Ренн, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Стамбул, Нью-Дели, Женева, Париж, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков және Баку қалаларында бюсті қойылған»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.

Айта кетейік, бүгін елімізде Абай күні атап өтілуде. Бұл айтулы күн Үкімет қаулысымен 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығында белгіленген болатын.

Біз бұған дейін Қазақстанда Абай есімі қойылған қанша адам тұратыны туралы жаздық.

Алдыңғы пост
Шымкентте гүл сататын дүкенде жанжал шығарған тұрғын қазақ елінен кешірім сұрады
Келесі пост
Гүл дүкеніндегі дау: Сатушыны соққыға жыққан ер адам экс-полицей болып шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu