Штаб отырысында 8 жоба мақұлданды

287

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде көтерілген мәселе 2023 жылдың екінші жарты жылдығында қолға алынатын жобалар және аталған жобаларда кездесетін мәселелер туралы болды.

Биылғы жылға инвестициялық жобалардың бірі тұрғын үйлердің қасбетін жасауға арналған материалдар шығаратын зауыт, сантехникалық бұйымдар жасау зауыты, мұнай қалдықтарынан шығарылатын сұйық битум шығаратын зауыт құрылысы. Барлық жобалар мегаполистегі  индустриялдық аймақтарда іске асырылатын болады. Сонымен қатар кондитер өндісі және қағаз өндіру цех құрылысының жобасы да мақұлданған.

Айта кетейік, бүгінгі штаб отырысында 8 жоба мақұлданды. Сонымен қатар өндіріс орындарынан бөлек, тағы бір ұсынылған ұтымды жобалардың бірі – 500 орынға арналған студенттер жатақханасы.

Мұрат Дүйсенбекұлы индустриялды аймақтарда жүзеге асыратын бұл жобаларды тиісті инфрақұрылыммен қамтуды, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді дер кезінде қолдануды тапсырды.

Қазіргі уақытта қала бойынша 524,7 миллиард теңгеге 143 жоба қаралып, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атайтын болсақ, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған түркиялық инвесторлардың бастамасымен сусындар зауыты, инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау зауыты, темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілу сатысында.   

Әсіресе, биыл ашылуы тиіс ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және ПВХ-дан жаңбыр суағарларын өндіру зауытының құрылысы 60 пайызға дайын.  Автомобиль әйнегін шығару зауыты, керамикалық тақталар өндірісі, көпфункцияналды қойма кешені де қаланың экономикалық даму көрсеткішін ілгерілететін тетіктердің бірі.

Сондықтан Мұрат Дүйсенбекұлы инвесторларға мемлекет тарапынан қолдаулар кедергісіз көрсетілуі қажет екенін айтып, басқарма басшыларына жер және инфрақұрылымдық мәселелеріне қатысты тапсырмаларды жүктеді.

Биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген. Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге. Штаб отырысында 9 жоба ұсынылды. Олардың қатарында led экран шығаратын зауыт, автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт, пенопласт өндіруші кәсіпорын жобалары бар. Жобалар «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалдық аймағында орналасады.

Алдыңғы пост
Қысқа дайындық: тазалық жұмыстарына қосымша арнайы техникалар алынады
Келесі пост
Шымкентте талай жылдан бері жөндеу көрмеген балабақшалар заманауи талапқа сай жабдықталуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu