«Оңалту орталығының» күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

439

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаламыздағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Оңалту орталығының» құрылысы алаңына барып, ондағы атқарылған жұмыстарды тексерді. Бес қабатты ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі уақытта 80 пайызға орындалған.  Яғни, тамыз айының соңына таман пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» коммунальдық қазыналық мекемесінің ғимараты 1975 жылы қаланғанын айта кетейік. Қазір мұнда 167 оқушы ерекше білім берумен қамтылған, ұжымда 56 педагог жұмыс істейді.

Логопед пен психолог кабинеттері, сенсор бөлмелері, израильдік технологиямен жасалған мультимедиялық білім беру жүйелері қайтадан жаңартылып, заманға сай  жабдықталуда. Оңалту орталығында 11 топ – құлақ және тіл мүкістігі бар, дамуы тежелген балалармен тығыз байланыса жұмыс істейді. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың жұмыс сапасын бақылап, жауапты және мердігер мекеме басшыларына кестеден кешікпеуді ескертіп өтті.

Қазіргі таңда, Шымкенттегі «Қамқорлық» №8 балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінгі күні 100-ге жуық бала қызмет алуда. Орталықта аутизм және аутистік спекторының бұзылыстары бар балаларға түзету-дамыту, қоғамға бейімдеу және әлеуметік оңалту шаралары көрсетіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мамандардың айтуынша, арнайы педагог мамандардың жеке және топтық жұмыстарының нәтижесінде балалардың визуалды қабылдауы, қарапайым қимыл-қозғалыстары мен дағдыларында оң өзгерістер байқалады. Логопедиялық жұмыстар жүргізу арқылы артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балалар дыбыстар мен жеке сөздерді анық айта бастаған.

Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметік қорғау басқармасына қарасты 110 орынға есептелген мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника және лего-бөлмелері, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен  тігін, ағаш,  қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.    

Мұнда балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға логомассаж тағайындалады. Сондай-ақ, балалармен аптасына 2 күн жеке жұмыс жүргізіледі.

Алдыңғы пост
Шымкентте талай жылдан бері жөндеу көрмеген балабақшалар заманауи талапқа сай жабдықталуда
Келесі пост
Ә.қастеев колледжі жатақханасының күрделі жөндеу жұмыстары 65% орындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu