544
Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.
Өңірлер арасында қаймақ бағасы Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа құны 2350 тг мөлшерінде. Ал екінші орында Атырау – 2079 тг. Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек.
Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг.
Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.