Елімізде қаймақ бағасы қанша тұрады?

Теги: , , ,
307

Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.

Өңірлер арасында қаймақ бағасы Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа құны 2350 тг мөлшерінде. Ал екінші орында Атырау – 2079 тг. Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек.
Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.

Алдыңғы пост
Шымкенттік өрт сөндіруші жанып жатқан үй ішінен 50 литрлік газ баллонын алып шықты
Келесі пост
Жетісайлық ер адам досының үйіне қонаққа барып, қарт анасын тонап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu